Бақытты ана жолы
осы жерден басталады

Дені сау баланы қалай
оңай тууға болатындығы
туралы заманауи және
сенімді медициналық
білім алыңыз

Онлайн курс:
  • Жүктілікке дайындалып жүргендерге
  • Жүкті қыз келіншектерге
  • Жас аналарға

Курс трейлері

Курс кімге арналған

Бұл курс болашақ аналарға, жаңа ата-аналарға және дәлелденген білім мен жақсы тәжірибеге сүйене отырып, бала тууға және тәрбиелеуге дайындалғысы келетіндерге арналған.

Курста сізді не күтіп тұр

Жүктіліктің алғашқы күндерінен бастап сіздің, балаңыздың өмірінің бірінші жылына дейін бәрін қамтыту мақсатымыз. Сіз баланың дамуы, тамақтануы, денсаулығы, босану және басқа да маңызды тақырыптар туралы мағлұмат аласыз.

Ма!Ма!-ға қош келдіңіз!

Жүктілік пен ана болу туралы сенімді нұсқаулық. Біз бұл курсты сіздің өміріңіздегі ең маңызды саяхатқа қажетті білім, қолдау және сенімділік беру үшін жасадық

Ma!Ma! қосымшасын жүктеп алу үшін QR код-ты сканерлеңіз

Неліктен біздің біліміміз ерекше

  • Қазақстаннан ай сайын 95 мың жүкті әйел мен ана біздің
    мобильді қосымшамызды таңдап, бізге сенім артады. Олардың
    сенімі біздің ең басты жетістігіміз.
  • Біздің қосымша AppStore және Google Play дүкендеріндегі
    Медицина санатында Үздік-3 қатарына кіреді. Бұл біздің
    қызметіміздің сапасы мен тиімділігін көрсетеді.
  • Біздің курс жетекші мамандардың өзекті зерттеулері мен
    ұсыныстарына негізделген. Сонымен қатар, 5 жыл бойы МаМа!
    порталы арқылы жүкті әйелдерден жиналған жиі қойылатын
    сұрақтарды ескере отырып жасалған

МаМа Подкаст

Чеклисттер

МаМа сарапшылары дайындаған әдістемелерді жүктеп алыңыз

Перзентхана сөмкесі.pdf

Тегiн жүктеп алыңыз

Акушер-гинекологқа жиі қоятын сұрақтар.pdf

Тегiн жүктеп алыңыз

Нәрестенің психомоторлы даму кестесі.pdf

Тегiн жүктеп алыңыз

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану рационы.pdf

Тегiн жүктеп алыңыз

30

видео сабақтар

+15

әдістемелер мен нұсқаулықтар

мобильді қосымшасы
байланыс чаты

Біздің курс модульдерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған

Сабақтар жүктілік уақыты бойынша реттілікпен жасалған, бірақ сіз жүктілік кезеңіне байланысты модульдерді бір-бірінен тәуелсіз қарай аласыз

Курс
бағдарламасы

Оқыту қалай өтеді

Біздің курста оқу икемді әрі ыңғайлы: материалдарды өз қарқыныңызбен, кез-келген уақытта және кез-келген жерде оқи аласыз.

Біз сіздерге видео сабақтарды, мәтіндік материалдарды, әдістемелерді және тікелей вебинарларды ұсынамыз.

Бұл әртүрлілік оқу процесін қызықты әрі нәтижелі етеді. Курстың барлық артықшылықтарын пайдаланыңыз және өзіңізге ыңғайлы уақытта оқудың рахатын сезініңіз.

25 минут 1
Жүктілікке дайындық

Саналы жүктілікке дайындық периоды

Бұл сабақта біз жүктілікті жоспарлау кезінде әйелдің денсаулығына назар аударамыз. Гинекологиялық тексеруден өту процедуралары, жүктілікті жоспарлауға қажетті маңызды ақпараттар мен кеңестер ұсынылады
Жүктілікке дұрыс және жан-жақты дайындықтың маңыздылығын түсіндіру. Бұл бөлімде дайындықтың басым бағыттары, уақыт кестесі және жоспарлау стратегиялары қарастырылады
Бұл сабақта жүктілік алдында және барысында қандай анализдер мен медициналық тексерулердің қажеттігі туралы толық ақпарат беріледі. Қонақ маман ретінде гинеколог немесе терапевт шақырылып, тексерулердің маңыздылығын атап өтеді
Жүктілік кезінде қажетті витаминдер мен минералдар туралы ақпарат. Осы бөлімде диетолог қажетті витаминдердің рөлі туралы дәріс
Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану жоспарын құру. Бұл сабақта тамақтанудың жүктілікке тигізетін әсері және жүкті әйелдерге арналған диеталық кеңестер ұсынылады. Нутрициолог дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіреді
Жүктілік кезінде салауатты өмір сүрудің маңызы. Бұл бөлімде денсаулыққа пайдалы әдеттер, стрессті басқару әдістері және жүкті әйелдерге арналған жаттығулар туралы ақпарат беріледі. Фитнес жаттықтырушысы немесе психолог жүктілік кезінде дене белсенділігінің пайдасы туралы айтады
БОНУС САБАҚТАР
Жүктілік кезіндегі стресс пен күйзелісті тиімді басқару үшін психологиялық әдістер мен стратегияларды қолдануы, практикалық кеңестер мен жаттығулар арқылы жүктіліктің күрделі кезеңдерінде рухани тұрақтылықты сақтауға көмектесуi
Аналар мен сәбилердің перинаталды және неонаталды кезеңдеріндегі психологиялық дамуы, эмоционалды жағдайы және өзгерістері туралы түсініктер ұсынылады.
50 минут 2
Жүктілік / Босануға дайындық

босануға дейінгі 9 ай

Тамақтану, физикалық белсенділік және дәрігермен жиі кеңесулердің маңыздылығы талқыланады
Екінші триместрдің ерекшеліктері, ананың өмір салтындағы қажетті өзгерістер және денсаулықты сақтаудың маңызды аспектілері қарастырылады
Босануға дайындық процестері, жүктілік кезіндегі өзгерістерді басқару, алдағы босану белгілерін тану және денсаулықты сақтауға бағытталған кеңестер қамтылады
Жүктіліктің әр триместріне арналған витаминдер мен минералдардың маңызы туралы ақпарат беріледі
Медициналық маман таңдау кезінде нені ескеру керек, перзентхана қандай қызметтер ұсынады, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығына қалай ықпал ететіні туралы ақпарат қамтылады
Сөмкеге қандай заттарды алып бару керектігі, оның ішінде ананың жеке гигиенасына арналған заттар, босану кезінде және одан кейінгі уақытта киетін киімдер, сондай-ақ жаңа туған нәресте үшін қажетті бұйымдар туралы толық ақпарат беріледі
Жүкті әйелдер үшін пайдалы тамақтар, диетаның маңызды элементтері және керек емес өнімдерден аулақ болу жолдары талқыланады.
Әдістемелер
БОНУС САБАҚТАР
Төрт сабақта жүктілік кезеңінде қауіпсіз жүргізілетін йога позалары, дем алу техникалары мен релаксация әдістері. Бұл жаттығулар ананың дене бітімін сақтауға, стрессті азайтуға және босану процесіне дайындыққа көмектеседі.
120 минут 3
Босану, КС және перзентханадағы алғашқы күндер
Тіркеу, денсаулық тексеруі, босану процесі, неонаталды күтім, ананың және нәрестенің денсаулығының бағалануы, және дайындықтары мен рұқсаттары қарастырылады.
Босану процесінің үш кезеңі: толғақтардың басталуы, бала туу, плацента шығуы. Босанудағы серіктің рөлі, толғақ кезіндегі әртүрлі позалар, дұрыс дем алу әдістері және потуги кезеңінде қалай күш салу керектігі талқыланады.
Босану кезеңдеріндегі жиі кездесетін патологиялық жағдайлар, олардың себептері және оларға көрсетілетін медициналық көмек. Толғақ, бала туылу және плацентаның туу кезеңдерінде пайда болатын асқынулар мен оларды шешу жолдары.
Акушер-гинекологтың күтпеген жағдайда жоспарланбаған кесір тілігіне қалай тап болғаны, қандай себептер мен жағдайлар әсер еткені, операцияның қалай өткенін және бұл оқиғада қандай шешімдер қабылданғаны туралы.
Жүктілік кезінде қауіпті белгілердің негізгі түрлері қарастырылады. Су кету, қан кету, жоғары температура, қан қысымының өзгеруі және қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі сияқты жағдайлар.
Босанудың жақындағанын көрсететін негізгі белгілер. Жалған толғақтар мен нақты толғақтардың айырмашылығы, су кету, жатыр мойнының ашылуы және басқа да босану күнінің жақындағанын білдіретін белгілер.
Кесір тілігінің себептері, операцияның қалай жүргізілетіні және оның артықшылықтары мен мүмкін қауіптері.
Әдістемелер
120 минут 4
Босанғаннан кейінгі кезең
Босанудан кейінгі ананың денсаулығын қалпына келтіру кезеңі қарастырылады.
Босанғаннан кейінгі кезеңде қолдануға болатын контрацепция әдістері талқыланады. Емшекпен емізу кезінде қауіпсіз болып табылатын әдістер, гормональды және гормональды емес контрацепция түрлері, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы.
Босанғаннан кейінгі депрессияның белгілері, себептері және оны жеңу жолдары қарастырылады. Эмоционалды қолдаудың маңызы, кәсіби көмекке жүгіну қажеттілігі және өзін-өзі күту әдістері туралы ақпарат беріледі.
Нәрестенің өмірінің алғашқы 28 күніндегі маңызды аспектілер қарастырылады. Нәрестенің алғашқы медициналық тексерулері, вакцинация, тамақтандыру, ұйқы тәртібі, күтім шаралары және мүмкін болатын мәселелер туралы ақпарат беріледі.
Кәсіби массажисттің нәрестелерге арналған массаж техникасын көрсетуі арқылы үй жағдайында массажды қалай дұрыс жасау керектігі. Негізгі техникалар, әр қадамның орындалу тәртібі, массаждың ұзақтығы мен жиілігі туралы толық ақпарат беріледі.
Емшекпен емізудің бала мен анаға тигізетін артықшылықтары, емізу техникасы және дұрыс емізу позициялары қарастырылады.
Жаңа туған нәрестеден бастап 1 жасқа дейінгі кезеңдегі баланың неврологиялық дамуы қарастырылады.
Әдістемелер

Онлайн курс бойынша кез-келген сұраққа жоғары сапалы және кәсіби жауап алыңыз

Біз 15 минутта жауап беремiз

Жансая Мухаметжанова

Курс консультанты
WhatsApp-қа жазу

Жансая Мухаметжанова

Курс консультанты
Ма!Ма! Қосымшасын
жүктеп алыңыз

Жүктілік пен ана болу туралы сенімді нұсқаулық. Біз бұл курсты сіздің өміріңіздегі ең маңызды саяхатқа қажетті білім, қолдау және сенімділік беру үшін жасадық.

Ma!Ma! қосымшасын жүктеп алу үшін QR код-ты сканерлеңіз

Біздің мамандар

Біздің жоғары білікті мамандармен танысыңыз: акушерлер,
педиатрлар, психологтар. Олар сіздермен баға жетпес
тәжірибелері мен терең білімдерін бөлісіп, сіздің жүктілік пен
аналық сапарыңызды қолдайды.

Гүлназ Жұматаева

Акушер-гинеколог

Ультрадыбыс маманы, anti-age маманы. Тәжірибесі 19 жылдан астам. Гинекологиялық аурулар, жүктілікті жоспарлау, бедеулікті диагноздау және емдеу. Барлық ультрадыбысты тексерулерді жүргізетін тәжірибелі дәрігер

Гульжан Абдаким

Акушер-гинеколог

Жоғары санатты дәрігер, акушер-гинеколог, детский гинеколог, 15 жылдан астам тәжірибесі бар. 3000-нан астам дені сау сәбидің дүниеге келуіне себепкер болған сарапшы. Жүкті, босанған және гинекологиялық патологиясы бар қыз-келіншектерді емдейтін дәрігер

Нургул Мырзабаева

Акушер

Акушер, ересектер мен балалар гинекологы, жүктілік кезінде, босану және босанудан кейінгі кезеңде әйелдің жағдайын бақылаушы дәрігер. Ол әйелдердің денсаулығын қорғауға және күтуге бағытталған жоғары білікті маман

Сұлушаш Қожабайқызы

Интегративті педиатр

PreventAge түлегі. Тәжірибесі 10 жылдан астам. Балалардың аурулары, денсаулықты сақтау және нығайту, баланы тамақтандыру бойынша кеңес береді. Барлық профилактикалық тексерулерді және емдеуді жүргізетін тәжірибелі дәрігер

Айнұр Әлжан

Бала дәрігері ортопед, травматолог сәби массаж эксперті

С.Ж. Асфендиаров атындағы ұлттық медицина университетінің түлегі, еңбегі үшін Б.Момышұлының “Батыр шапағаты” төс белгісінің иегері атанған, Ұлт жанашыры, Ел жанашыры төс белгісінің және “Алтын адам” номинациясының иегері атанған

Гулнура Атамурат

Қаржы маманы

Жүкті әйелдерге декреттік және мемлекеттiк жәрдемақы алуға көмектеседі. Жеке кәсіпкер ретінде есеп беруді жүргізу және декретке дейінгі жәрдемақыларды алу саласында тәжірибесі сарапшы

Тарифтер

Біз сізге ең жақсы нұсқаны таңдау үшін икемді оқу пакеттерін ұсынамыз. Бағалар мен шарттар туралы толығырақ

Чекті WhatsApp-қа жіберу

стандарт

65 000 тг.

  • 30 видео сабақтар
  • 15+ әдістемелер мен нұсқаулықтар
  • Болашақ аналар қауымдастығына кіру
  • Барлық вебинарлар мен эфирлер
  • Ма!Ма! қосымшасында бонустар мен сыйлықтар
Керi байланыспен

130 000 тг.

  • 30 видео сабақтар
  • 15+ әдістемелер мен нұсқаулықтар
  • Болашақ аналар қауымдастығына кіру
  • Барлық вебинарлар мен эфирлер
  • Ма!Ма! сарапшыларынан кері байланыс (онлайн)
  • Ма!Ма! қосымшасында бонустар мен сыйлықтар

Ма!Ма! қосымшасында сатып алу және дәрігерлерден кәсіпқой кеңес алу үшін 25.000 теңге бонус

Немесе

керек бөлімін таңдап алыңыз

  • Гинекологиялық әдістеме
  • Жүктілікке дайындық жоспары
  • Анализдармен мен тексерулер
  • Витаминдер мен қоспалар
  • Тамақтану. Нутрициология
  • Салауатты өмір салты
  • Жүктілікке психологиялық дайындық, стрессті басқару
  • Перинаталдық және неонаталдық психология негіздері
Қатысу ақысын төлеу
  • Бірінші триместр (1-12 апта)
  • Екінші триместр (13-26 апта)
  • Үшінші триместр (27-40 апта)
  • Триместрлер бойынша жүктілік кезіндегі витаминдер мен қоспалар
  • Дәрігер мен перзентхана таңдау
  • Перзентхана сөмкесі
  • Жүктілік кезінде тамақтану
  • Перинаталдық және неонаталдық психология негіздері
Қатысу ақысын төлеу
  • Перзентханаға кіруден шығуға дейінгі процесс (38-40 апта)
  • Босану кезеңдері, толғақ, жиырылу кезіндегі ауырсыну
  • Дұрыс тыныс алу, жиырылу кезіндегі позалар
  • Босанудың хабаршысы, туылу жоспарының хаттамасы
  • Босанудағы серіктес. Әрекеттер. Плацентаның тууы
  • Босану кезіндегі медициналық араласулар: көрсеткіштері, қауіптері, баламалары
  • Алтын сағат. Жаңа туған нәрестені перзентханада күту. Сарғаю.
  • Перзентханадағы ананың босанғаннан кейінгі кезеңі
Қатысу ақысын төлеу
  • Кесар тілігі процессіне толық медициналық шолу
Қатысу ақысын төлеу
  • Босанғаннан кейінгі қалпына келу
  • Босанғаннан кейінгі контрацепция
  • Босанғаннан кейінгі депрессия
  • Педиатрия (1 жасқа дейін)
  • Перинаталды кезең (алғашқы 28 күн)
  • Емшекпен емізу
  • Баланың неврологиялық дамуы (туылғаннан 3 жасқа дейін)
  • Үйде нәресте массажы
Қатысу ақысын төлеу
  • Перинаталды кезең (алғашқы 28 күн)
  • Педиатрия (1 жасқа дейін)
  • Емшекпен емізу
  • Баланың неврологиялық дамуы
  • Қосымша: Перинаталдық және неонаталдық психология негіздері
  • Қосымша: Үйде нәресте массажы
Қатысу ақысын төлеу

Бұл сізге арналған оқыту, егер

  • Сіз алғашқы босануды күтсеңіз және толғақ пен жыртылудан, ауырсынудан қорқатын болсаңыз, босану туралы сізді алаңдатса.
  • Сіз дәрігерлер мен босану кезеңінен қорқатын болсаңыз.
  • Сізде екінші немесе одан да көп босану бар және жүктілік кезеңін саналы, сау әрі тыныш өткізгіңіз келсе.
  • Бұрыңғы кесір тілігінен немесе алғашқы босану тәжірибесінен кейін табиғи босануға дайындалып жатсаңыз.
  • Сіз нәрестеге зиян келтірмеу үшін босанудың қандай кезеңдерін және өзіңізді қалай дұрыс ұстау керектігін түсінбей жүрсеңіз.
  • Емшек сүтімен емізіп, кішкентайыңызға денсаулық сыйлап, емшек сүтімен рахаттанғыңыз келсе.
  • Сіз босанғаннан кейін қалай оңай әрі тиімді қалыпқа келу жолдарын білгіңіз келсе, әдемі әрі қалаулы әйел және дені сау ана болғыңыз келсе.
  • Сізге қолжетімді болатын дұрыс тыныс алу, позалар және өзін-өзі жеңілдетудің басқа жолдары туралы білгіңіз келсе.

Неліктен
босануға
дайындалу
маңызды?

  • 1

    Сіздің денеңіз - басты кейіпкер
    Тіпті ең білікті дәрігер де босану процесін сіз үшін атқара алмайды. Бұл оқиғаның негізгі қатысушылары - сіз және сіздің денеңіз.

  • 2

    Жеке сапарыңыз
    Босанудың нәтижесі сіздің дайындығыңызға байланысты. Бұл ерекше сапарға дайын болу өте маңызды.

  • 3

    Толық дайындық
    Біздің онлайн курс сізге барлық қажетті білім мен сенімділік береді, осылайша сіз босануды сеніммен қарсы аласыз.

Оқуды бастау
біздің Ма!Ma!
қосымшаны жүктеп
алыңыз

Жүктілік пен ана болу туралы сенімді нұсқаулық. Біз бұл курсты сіздің өміріңіздегі ең маңызды саяхатқа қажетті білім, қолдау және сенімділік беру үшін жасадық

Ma!Ma! қосымшасын жүктеп алу үшін QR код-ты сканерлеңіз

жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Біздің FAQ бөлімі болашақ аналарға өмірлеріндегі ең маңызды кезеңдердің біріне дайындалу үшін қажетті сенімділік пен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Бұл жауаптар курстан не күтетінін және сіздің өміріңіздің осы маңызды кезеңінде қалай көмектесетінін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.

Жүктіліктің алғашқы күндерінен бастау керек. Біздің курс жүктілік кезінде өзін-өзі күтуден бастап, жаңа туған нәрестені күту мен босанғаннан кейінгі қалпына келтірудің қыр-сырына дейін жан-жақты дайындықты ұсынады.
Әрине! Алдағы босану мен ана болу туралы біліміңіз бен сеніміңізді байыту ешқашан кеш емес. Біз сіздің жүктілігіңіздің кез келген кезеңінде пайдалы болатын материалдарды ұсынамыз.
Курс психологиялық дайындықтан бастап жаттығуларға, дұрыс тамақтануға, релаксация әдістеріне, босану кезінде тыныс алу әдістеріне дейін барлық аспектілерді қамтиды, және нәрестеге күтім жасау.
Курстың ұзақтығы сіздің оқу қарқыныңызға байланысты 2-ден 4 аптаға дейін өзгереді. Сіз курс материалдарына 12 айға қол жеткізе аласыз, осылайша сіз қалаған кезде қайта қарай аласыз.
Иә, біздің сарапшылар әрқашан сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және қарым-қатынас пен талқылау платформасы арқылы қажетті қолдауды қамтамасыз етуге дайын.
Біз әртүрлі төлем әдістерін, соның ішінде банк карталарын және онлайн төлем жүйелерін қабылдаймыз. Біздің клиенттерге ыңғайлы болу үшін Kaspi-де бөліп төлеу опциясы да қол жетімді.
Әрине, сіз курс материалдарына сатып алғаннан кейін бір жыл ішінде кез келген уақытта оралуға болады. Біз жағдайдың кез-келген сәтте өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз және мүмкіндігінше икемді болуға тырысамыз.
Иә, курсты сәтті аяқтағаннан кейін әрбір қатысушы өзінің қатысуын және алған білімін растайтын сертификат алады.
Біздің курс Қазақстандағы болашақ аналардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Біз тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың тәжірибесімен және аналардың нақты тарихымен қамтамасыз етілген практикалық дағдыларды ұсынамыз.